Жаңалықтар

Мақсаты:студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген облыстағы үздік колледждерді анықтау, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын ынталандыру мен білім беру және тәрбиелеу  үдерісіне алдыңғы қатарлы жетістіктерді енгізу мен оң тәжірибесі туралы хабардар ету.

Байқауға 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатынасты. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар келесі колледждер бойынша анықталды:

Бас жүлде – Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;

І орын - Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі;

ІІ орын - Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі;

ІІІ орын - Орал «Сервис» технологиялық колледжі, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі.

 

Аталым бойынша:

«Жаңашыл колледж» - Батыс-Қазақстан индустриалды колледжі;

«Инновациялық  бағыттағы  колледж»  - Орал политехникалық колледжі ;

«Үздік ғылыми - әдістемелік жұмыс» - Орал ақпараттық технологиялар колледжі;

«Үздік тәрбие жұмысы» -Жәнібек колледжі;

«Даму әлеуеті бар колледж» - Жаңақала колледжі;

«Креативті ұжым» - Шынғырлау колледжі;

«Педагогикалық әлеуетті колледж» - Рубежка колледжі.

ҰБТ-ға қатысуға 10(11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3%) қазақ тілінде және 20 968 (23,6%) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Жергілікті атқару органдарының мәліметінше 35 000 аса түлектер ҰБТ өткізу пункттеріне (бұдан әрі- ҰБТӨП) жеткізіліп, тамақпен қамтамасыз етілген және олардың 11 000 жатар жаймен қамтамасыз етілген. Факт бойынша 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4% құрады.

ҰБТ жүргізу үшін аймақтарға 1815 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің өкілдері (75% жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы, 25% колледж мұғалімдері) жіберілді. Ұйымдастыру сұрақтарын шешу мен ҰБТ мониторингін жүргізу үшін  өткізу орындарында білім беру мекемелерінің басшыларынан, жергілікті атқарушы органдарынан, құқыққорғау қызметтері, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдар қызметтернің өкілдерінен тұратын саны 965 адам мемлекеттік коммисия құрылған. Сонымен қатар, алдыңғы жылдардағы сияқты ҰБТӨП-ке ауа баптағыштар қойылып, медициналық (психологиялық) көмек пункттері ұйымдастырылды және қауіпсіздік қамтамасыз етуші қызметшілер кезекшілікте тұрды. Ағымдағы жылы бірінші рет бұлтты интернет іске қосылды. Бұл қызмет барлық адамға Қазақстанның кез келген нүктесінде өтіп жатқан тестілеу барысын қадағалауға және құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге айтарлықтай септігін тизізді.

ҰБТ-ның өткізу ережесі мен тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 12 адам шығарылды. Тестілеу барысында 85446 тыйым салынған заттар, сонын ішінде 43394 электрондық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б) және 42052 қағаз жүзінде (шпаргалка, оқулықтар және т.б) алынды.

Өткізу орындарындағы жетекші мұғалім - пән мұғалімдерінен құралған аппеляциялық комиссия мүшелерінің саны – 3300 адам, республикалық аппеляциялық комиссия – 54. Республикалық аппеляциялық комиссияға мазмұны бойынша 199 тест тапсырмалары түсіп, оның 103 қанағаттандырылды. Техникалық себептерге байланысты келіп түскен 12 тест тапсырманың 7-і қанағаттандырылды.

Қазақстан бойынша бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 80,5  (мүмкін болған 140 баллдан). Былтырғы жылғы көрсеткіш (мүмкін болған 125 баллдан)  81 болды. Шектік деңгейден, яғни 50 балл алған 74 517 ((84,1%), оның ішінде 60-65 балл: 5935 (7,9%), 66-119 балл: 52 717 (70,7%), 120 – 139 балл – 5 064 (6,8%). Шектік деңгейден өте алмағандар саны  14 066 адам (15,8%). 

Ең жоғары балл жинаған Алматы қаласындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ бітірушісі Тасан Саят Елтайұлы – 139 балл, 7 адам – 138 балл жинады.

2017 жылы ҰБТ өткізу барысындағы барлық іс-шара штаттық тәртіпте өтті. Халық ҰБТ-ның жаңа форматын жақсы қабылдады.

Баспасөз конференцияға ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің төрағасы Болатбек АБДРАСИЛОВ, «Рухани жаңғыру» жоба басқармасының бастығы Арман ЕВНИЕВ, «SUCCESS K» стратегиялық байланыстар жөніндегі агенттігінің бас директоры Ләззат КӨККӨЗОВА қатысты.

«Менің арманым» байқауы ең қызық, бірегей әлеуметтік маңызы бар және жас жаңашылдардың жалпыға пайдалы бастамаларын анықтайды, және де олардың әлеуметтік белсенділігі мен әлеуметтік-шығармашылық қабілеттерінің дамуын дәріптеп, қатысушылардың зияткерлік әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік жасайды», - деп,  Б. Абдрасилов атап өтті.

Бұл жоба  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласыныңда көрсетілген идеяның іс жүзінде іске асыруы болып табылады және де «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының қолдауымен өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы – «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі.

Байқаудың басқа да мақсаты сыни ойлау философиясын дәріптеуге бағытталған білім беру үдерістеріне жәрдемдесу: қазіргі заманды толық ұғыну, мәселені шешудегі балама жолдарды көру, жаңа идеяларды ұсыну қабілеті, стереотиптерді еңсеру, өзгелердің ой-пікірін дұрыс бағалау және де өз ұстанымын дәлелді жақтау болып табылды. 

Байқауға 14 пен 29 жас арасындағы қазақстандықтар: орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары, колледж пен профтехникалық мектеп оқушылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ЖОО-ның студенттері, жас жаңашылдар қатыса алады.

Қатысуға өтінімдер 20 шілде мен  1 қыркүйек аралығында байқаудың ресми сайтында www.meninarmanym.kz    қабылданады. Байқауға қатысу ақысыз. Жобаларды ақпараттық (IT),  білім, технологиялық, экология және әлеуметтік-мәдениет бағыттары бойынша ұсынуға болады. Байқаудың жеңімпазы қаржылық тұрақтылығы мен тәуелсізділігін кепілдей алатын, біртума, пайдалы әлеуметтік жоба болады. 

«Менің арманым»  байқауының ақтық кезеңі теледидарлық әлеуметтік- зияткерлік шоудан тұратын болады. Ақтық жарысқа қатысуға  ең үздік 64 жобаның авторы Астана қаласында  жиналады. Жобаларды Қазақтан Республикасының әйгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлері мен кәсіпкерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайтын болады.  «Менің арманым»  жастар арасындағы әлеуметтік жобалар Ұлттық байқауының  жеңімпазы 5 000 000 тенгені иеленеді.