Аталған мектепте 4 қазан күні «Жас Ұлан» ұйымы және 11 сыныптың ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұстаз, үлгілі шәкірт» атты ұстаз бен шәкірттің бірлескен байқауы өтті.

 

Шараға 8 – 11 сынып оқушыларымен жас ұстаздар қатысты. Кеш қорытындысында 9 сынып оқушысы Рахатұлы Әлихан мен физика пәнінің мұғалімі Марленова Жадыра «Ұлағатты ұстаз, үлгілі шәкіт» атауымен марапатталды. Қатысушы 3 жұп басқада номинациялармен марапатталды.

 

5 қазан күні 11 – сынып оқушылары «Өзін өзі басқару күнін» ұйымдастырып, 1 күн мұғалім болып, ұстаздық өмірдің қиындығы мен қызығын сезіне білді. Әр үзілісте мектептегі бірлестік мұғалімдеріне қызықты да тәтті тілектерін жеткізді. Сағат 15 00 де «Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік» тақырыбында іс шара оздырылды.

 

Бағдарламада: 1. 1500-1530 Ашылуы.Тақырыбы: «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік»Ұйымдастырушы: «Жас Ұлан ұйымы».Өтетін орны: Мектеп дәлізі. 2.1530-1600 Ардагер ұстаздармен кездесу Тақырыбы: «Еңбек ерлікке бастайды» Ұйымдастырушы: Тәлімгер Ж.Даулетова.Өтетін орны: Мектеп мұражайы. Бұл бөлімде ардагер ұстаздар ұстаздық жолға қадам басқан жас мамандарға лента тағып, сәттілік тіледі. 3. 1600-1630 Диалог алаңы Тақырыбы: «Оқу процесін жаңғырту жағдайында сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану» Ұйымдастырушы: Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.Бейбіт Өтетін орны: Химия кабинеті. 4. 1630-1700 Мерекелік дастархан Ұйымдастырушы: Кәсіподақ ұйымы Өтетін орны: Мектеп асханасы. Ұйымдастырылған іс шаралар жоғары деңгейде өтті.

 

Мектеп директоры:                      Б.Қойшекенов

 

.