2018 жылдың 5 қыркүйегіндегі № 1-1/1595 шығыс хаты негізінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында аталған мектепте «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

 

Семинар-парктикум мектеп жастарынан құрылып,   белгіленген маршуттық бағыт бойынша Саралжын ауылдық округіне қарасты 2 км қашықтықта орналасқан  «Бала мейіт» қорымына  жастардың танымдық қызығушылығын арттыру, теорияны практикамен ұштастыру, экспидициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаяу жорық жасалды.  

 

Маршруттық жаяу жорық  мектеп ауласынан   басталды. Жер бедерінің күн шығыс бетінің,  оңтүстік бағытында  орналасқан «Бала мейіт» қорымына  жаяу  жетті. Қорымға жеткесін мектеп жастарын  Сұлтанияз ағамыз  Төлеген ата мейіті мен саман тастан қаланған қос мейіттін қалану тарихымен таныстырды.  Жастарымыз жорық барасында ерекше шөптерге де назар аударып, интернет желісінен көрген шөптері туралы ақпарат жинақтады. Жорық барысында саз балшықтан қаланып салынған мейіттердің жауын-шашынға шыдамай мүжіліп, малдың тапап басуына байланысты осы қорымға қоршау жасалса деген ұсыныстарын білдірді.

 

Жорық жетекшісі: Даулетова Ж