– Қазір бұл министрліктің құзырында бұған дейін түрлі ведомствоның қарауында болған салалар бар. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі озық инновациялық әзірлемелерді бірінші болып қолданып келе жатқан мемлекеттік органдардың қатарында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстан Президентін атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен осы саладағы ортамерзімді перспективадағы жоспарлар жөнінде хабардар етті.

– Министрлік Сіздің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауыңызды жоспарлы түрде іске асырып келеді. Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Сондай-ақ, қорғаныс кешені мен өнімді экспорттау кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөнінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік қорғаныс тапсырысы әзірленіп, іске асырыла бастады, – деді Б.Атамқұлов.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен аэроғарыш қызметін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.